Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 17.07.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 17 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Нарыққа реттеушілік ықпал жасау мақсатында 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға және шығаруға 1310000000 (бір миллиард үш жүз он миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
Полная версия
ИС BestProfi