Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қантардағы N 17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 702 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1.     "Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 17  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін: 
1-тармақтағы "1 310 000 000 (бір миллиард үш жүз он миллион) теңге" деген сөздер "1 270 188 800 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемі
 
Р/с
N
Материалдық
құндылық-
тардың
атауы
Өлш.
бірл.
Сақ-
тау
мер-
зімі,
жыл-
дар-
мен
Болжамды
сақтау
көлемі
DDP
ИНКО-
ТЕРМС
2000
шартын-
дағы
бағасы
(теңге/
өлш.
бірл.)
Ақша
қара-
жатын
пайда-
лану,
теңге-
мен
Өнді-
руші
ел
1 Өсімдік майы
(тазартыл-
ған, шөлмек-
ке құйылған)
мың л. 1 2 078,97 293 000 609 138 210 им-
порт
2 Жарма
(күріш)
тн 1 2 482,35 81 500 202 311 525
3 Қант тн 5-8 5 275 84 500 445 737 500 им-
порт
БАРЛЫҒЫ 9 836,32 1 257 187 235
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті кестеде көрсетілген тауарлардың апталық қажеттілігін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген (1270188800,00 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз теңге) қаражаттан материалдық құндылықтарды сақтауға, орнын ауыстыруға және шығаруға 13001565,00 теңге пайдалану көзделіп отыр.
Полная версия
ИС BestProfi