1. Қоса беріліп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 25.12.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 Қаулысы
Қаулының бүкіл мәтіні бойынша «Индустрия» сөз «Экономикалық даму» сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 21.07.2010 № 750 Қаулысымен. (31.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
«Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қауымдастығының кедендік одақ комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің (бұдан әрі - ет) кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлу әдісі;
2) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерден шығарылған және әкелінген етті қоспағанда, етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін тарифтік квоталар көлемін бөлу бекітілсін.
3) Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ет жеткізушілер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар арасында тарифтік квоталар бөлінсін.
4) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға тарифтік квота шегінде ет импортына лицензиялар беруді жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңды және жеке тұлғалардың етті осы қаулыға қосымшаларда көрсетілген көлемде әкелуін бақылауды қамтамасыз етсін және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне Ауыл шаруашылығы және Экономикалық даму және сауда министрліктеріне өнім берушілер мен шығарылған елі бөлінісінде ет әкелудің нақты көлемі туралы ақпарат берсін.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысымен бекітілген
Оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлу әдісі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлу әдісі (бұдан әрі - Әдіс) сыртқы сауда қызметін реттеу құралы ретінде тарифтік квоталарды қолдану тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
2. Осы Әдістің әрекеті ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен тіркелген орнына қарамастан барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы Әдісте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия

