Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Автокөлік құралдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 9 шiлдедегi № 675 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 1001 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Автокөлік құралдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 9 шiлдедегi № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 334-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Автокөлік құралдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
9-тармақтың 3) тармақшасының он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
12-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Пайдалану мерзiмi 3 жылдан аз, Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келiсiмi) шеңберiнде берiлген, үлгiнi мақұлдауды растайтын құжаты бар автокөлiк құралдары «Сәйкестiктi растау рәсiмдерi» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгiленген 9-схема бойынша сәйкестiктi растаудан өтедi.
Пайдалану мерзiмi 3 жылдан аз, үлгiнi мақұлдау туралы құжаты жоқ, сондай-ақ пайдалану мерзімі 3 жылдан артық автокөлiк құралдары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлiк құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентке 4-қосымшаны (бұдан әрі – Техникалық регламентке 4-қосымша) ескере отырып, сәйкестiктi растауға рұқсат етiледi және «Пайдалану қауiпсiздiгiнiң көрсеткiштерi бойынша сынақтар өткiзiле отырып, «Сәйкестiктi растау рәсiмдерi» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгiленген 7-схема бойынша сәйкестiктi растаудан өтедi.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi