Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 203 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 547 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 28 ақпандағы
 N 203 қаулысымен
 бекітілген
Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі
1. Осы Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), іс-шаралар кешенін жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Ереженің қағидалары Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) жарамды жай-күй - автокөлік құралдарының құрастырмасына, параметрлеріне, функционалдық мақсатына және агрегаттарының, тораптарының, бөлшектерінің қасиеттеріне қойылатын нормативтік кесімдер мен конструкторлық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін техникалық жай-күй; 
2) сенімділік - жұмыстың берілген режимдері және пайдаланудың, техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің және сақтаудың берілген шарттары кезінде белгіленген шектерде берілген функциялардың орындалуын, пайдалану көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін автокөлік құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің техникалық жай-күйі; 
3) жарамсыз жай-күй - автокөлік құралдары агрегаттарының, тораптары мен бөлшектерінің құрастырмасына, параметрлеріне, функционалдық мақсатына және қасиеттеріне қойылатын нормативтік кесімдер мен конструкторлық құжаттама талаптарының біреуіне болса да сәйкес келмейтін техникалық жай-күй; 
4) техникалық қызмет көрсетудің міндетті жұмыстары (бұдан әрі - міндетті жұмыстар) - орындалуы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және автокөлік құралдарының қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған операциялар кешені; 
5) автокөлік құралының толық массасы - дайындаушы кәсіпорын белгілеген жолаушылардың немесе жүктің барынша рұқсат етілген саны бар, толығымен жағармай (отын, май, салқындататын сұйықтық) құйылған, жинақталған (қосалқы доңғалақпен және сайманмен) автокөлік құралының массасы; 
6) ұсынылатын техникалық қызмет көрсету жұмыстары (бұдан әрі - ұсынылатын жұмыстар) - орындалуы негізінен бөлшектердің тозуын, агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің техникалық жай-күйі параметрлерінің нашарлауы жағына қарай өзгеру қарқынын азайтуға, автокөлік құралдарының үнемділігін қамтамасыз етуге, істен шығулар мен ақаулықтар туындауының алдын алуға бағытталған техникалық қызмет көрсету операцияларының кешені; 
Полная версия
ИС BestProfi