Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
"Шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1628 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж. № 17, 142-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: »;
көрсетілген қаулымен бекітілген шекті тарифтерде:
«11-топ» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 
Тобы Жылдар бойынша шекті тарифтер
2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015
11-топ 7,23 7,23 7,23 9,54 10,34 10,96 11,62
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi