Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.09.2015
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес
«Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 жылғы № 18-03/157 Бұйрығын қараңыз
Редакция 10.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесi бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 шiлдедегi N 741 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 300-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 31 желтоқсандағы
 N 1458 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейдi.
2. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алу жүзеге асырылатын жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.
Олжалау мақсатымен жануарлар дүниесі объектілерін iздеу, аңду және iзiне түсу, олжалауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда адамдардың қабынан алынған аңшылық атыс қаруымен және аң аулаудың басқа құралдарымен немесе олжаланған аңшылық өнiмiмен, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен не осы Ереженің 20-тармағында көрсетілген аң аулаудың басқа құралдарымен белгіленген аң аулау мерзімнен тыс кезде жүруi аң аулауға теңестiрiледi.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты (бұдан әрі – рұқсат) жоқ болған кезде көлік құралдарындағы және аялдау орындарындағы жануарлар немесе олардың бөліктері мен дериваттары заңсыз олжаланған өнімге теңестіріледі.
2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау.
4. Кәсiпшiлiк аң аулау - кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау.
5. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау – спорттық, эстетикалық қажеттiлiктердi қанағаттандыру мақсатында және олжаланған өнiмдi жеке пайдалану үшiн аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау.
Ұлттық аң аулау – аушы жыртқыш құстарды және аң аулайтын иттердің ұлттық тұқымдарын пайдаланып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.
Полная версия
ИС BestProfi