Близость слов: Окончание:





Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы Халықаралық конвенцияға қосымшаға түзетулерге қосылу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы N 1167 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. 1995 жылғы 7 шілдеде Лондонда қабылданған Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы Халықаралық конвенцияға Қосымшаға түзетулерге қосылсын. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Теңізшілерді даярлау мен дипломдау 
 және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы 
 Халықаралық конвенцияға Қосымшаға Түзетулер
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін, егер арнайы өзгеше көзделмеген болса: 
.1 "Ережелер" Конвенцияға Қосымшада бар ережелерді білдіреді; 
.2 "Мақұлданған" осы ережеге сәйкес Тараптың мақұлдағанын білдіреді; 
.3 "Капитан" кемені басқаратын тұлғаны білдіреді; 
.4 "Командалық құрам тұлғасы" капитан болып табылмайтын, ұлттық заңнамаға немесе ережелерге сәйкес, не осындай тағайындау болмаған кезде ұжымдық шартқа немесе дәстүрге сәйкес осыған тағайындалатын экипаж мүшесін білдіреді; 
.5 "Капитанның көмекшісі" Конвенцияның II тарауының ережелеріне  сәйкес біліктілігі бар командалық құрам мүшесін білдіреді; 
.6 "Капитанның аға көмекшісі" лауазымы бойынша капитаннан кейінгі, капитан кемені басқаруға қабілетсіз болған жағдайда оған кемені басқару жүктелетін командалық құрам тұлғасын білдіреді; 
.7 "Механик" Конвенцияның III тарауының ережелеріне сәйкес біліктілігі бар командалық құрам тұлғасын білдіреді; 
Полная версия
ИС BestProfi