Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.04.2009
Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 247 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 151-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiліп отырған Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2005 жылғы 18 наурыздағы
 N 247 қаулысымен
 бекiтiлген
Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың  
  (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру  
  ережесi 
1. Осы Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi. 
2. Ереже басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн дайындау, сондай-ақ басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн келiсу тәртiбiн айқындайды. 
3. Ереженiң мақсаты бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) (бұдан әрi - жоба(лар) iске асыру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау жүйесiнiң тиiмділігiн арттыру болып табылады. 
4. Жоспарланатын кезеңнiң бiрiншi немесе екiншi жылы iске асырыла бастайтын басым жобалардың тiзбелерiн қалыптастыру белгiленген тәртiппен бекiтілген жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесi бар iрiктелген жобалар негiзiнде жүзеге асырылады. 
5. Жоспарланатын кезеңнiң екiншi немесе үшiншi жылы iске асырыла бастайтын жоспарланатын жобалар ретiнде басым жобалардың тiзбелерiн қалыптастыру iрiктелген инвестициялық ұсыныстар негiзiнде жүзеге асырылады. 
6. Басым жобалардың тiзбелерi басым жобалар бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң өтiнiмдерi (бұдан әрi - өтiнiмдер) негiзiнде қалыптастырылады. 
7. Өтiнiмдер мынадай құжаттармен қоса енгiзiледi: 
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк және салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар бөлiнiсiнде басымдылық тәртiбiмен ранжирленген басым жобалардың тiзбелерi; 
2) функционалдық топтар мен бюджеттiк бағдарламалар бөлiнiсiндегi басым жобалардың тiзбелерi; 
3) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиiстi құжаттардың көшiрмелерi қоса берілген басым жобалардың тiзбелерiне енгiзу үшiн ұсынылатын жобалар бойынша құжаттама құрамы; 
4) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны iске асырудың жоспар-кестесi; 
Полная версия
ИС BestProfi