Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 30.01.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 165 Қаулысы
"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 19 ақпандағы
 N 165 қаулысымен
 бекітілген
Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесі
1. Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, ветеринария және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереженің талаптары Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелуді (импорттауды) жүзеге асыратын барлық субъектілерге қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелуге (импорттауға), тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті үлгілерді әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
4. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының шекарасы мен көлігінде алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын бақылауды жүзеге асырады.
5. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының шекарасы мен көлігінде балалар тағамы азық-түлігінің, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспалардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің, бояғыштардың, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдардың, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттардың, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерінің әкелінуіне (импортталауына) бақылауды жүзеге асырады.
6. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 
1) тамақ өнімдерін әкелуді (импорттауды) жүзеге асыратын субъект (бұдан әрі - субъект) - тамақ өнімдерін әкелуді (импорттауды) жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 
2) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар (бұдан әрі - уәкілетті органдар) - өз құзыреті шегінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын ветеринария және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар.
2. Тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) тәртібі
7. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 13 және 28-баптарында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi