Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 Өкімі
Редакция 06.08.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 57-бабына сәйкес Республикалық бюджет комиссиясының мынадай құрамы белгіленсін:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және Қаржы вице-министрлері.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы 6 сәуірдегі
N 537 өкіміне
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған өкімдерінің тізбесі
1. "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 43-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкіміне толықтыру енгізу туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 12 шілдедегі N 330 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 25, 258-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкіміне өзгеріс енгізу туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 355 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж. N 40, 406-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 маусымдағы N 385 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 27, 251-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N 448 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 185-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 492 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 32, 434-құжат).