Внимание! Документ утратил силу с 21.12.1998
Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi Республикалық үшжақты комиссиядағы Үкiмет өкiлдерiнiң құрамына өзгертулер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 қыркүйек N 1194. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.21. N 1305 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 545-құжат) бекiтiлген әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi Республикалық үшжақты комиссиядағы Үкiмет өкiлдерiнiң құрамына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
1. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi Республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасының үкiметi өкiлдерiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн: Штойк Г.Г. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Велимухаметов М.М. - Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасары Кетебаев М.К. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң орынбасары Құрманғалиев С.Ш. - Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары Раханов М.С. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары Тоқсейiтов Р.Қ. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Төтенов Б.В. - Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң орынбасары 2. Аталған комиссияның құрамынан: Н.Қ. Есенғарин, М.К. Құсымжанов, Ж.Ж. Мұқашев, Н.В. Радостовец, К.М. Смағұлов шығарылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Полная версия