Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1516 Қаулысы
Редакция 29.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1516 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2016 жылғы № 488 Қаулысымен (13.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қазандағы № 960 қаулысында:
«2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайыновқа Бағдарламаны орындау жөніндегі жоспарды келісуге өкілеттік берілсін.».
3. «Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1194 қаулысында:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Сейдахметқызы Айтжанова» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов» деген сөздермен ауыстырылсын.
Полная версия

