Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығы
Редакция 29.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті
 мен Үкіметі актілерінің жинағында
 және республикалық баспасөзде
 жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру тәртібін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 59 өкіміне толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 323 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 235-құжат).
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2011 жылғы 7 қыркүйектегі
 № 150 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою
 ҚАҒИДАЛАРЫ
Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты шетелде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат болып табылады, 1961 жылғы Дипломаттық қатынастар туралы Вена конвенциясына және Қазақстан Республикасының басқа да халықаралық шарттарына сәйкес оның дипломатиялық иммунитеті болады.
2. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты Қазақстан Республикасының азаматы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді атқару үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан, келген, тұрған кезде оның жеке басын, иесінің ресми мәртебесін куәландыратын құжат болып табылады.
3. Дипломаттық немесе қызметтік паспортты (бұдан әрі – паспорт) шетелге жеке сапарлар үшін пайдалануға тыйым салынады.
4. Паспорт Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi