Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 08.09.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 ақпан N 292
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.09.2017 жылғы № 552 Қаулысына сәйкес
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі кеңестiң ережесi мен құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі N 1140 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 387-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң құрамына мыналар енгiзiлсiн: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, Кеңес төрағасы Мұқашев Аманбек Мұқашұлы - Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес Хатшылығының меңгерушiсi, Кеңес төрағасының орынбасары Ахметов Әшімжан Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi Бейсеков Серiк Сағымбайұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Террорға қарсы департаментiнiң бастығы (келiсiм бойынша) Қуанышев Дулат Оразбекұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер вице-министрi Отто Иван Иванович - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi Толқаншынов Әнуар Құрманбайұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi; "Сәрсенбаев Алтынбек Сәрсенбайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi, Кеңес төрағасы" деген жолдағы ", Кеңес төрағасы" деген сөздер алынып тасталсын; Тельман Еркiнбекұлы Сауранбеков көрсетiлген құрамнан шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия