1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 31.01.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 129 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 22 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6185 болып енгізілді
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1) «Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 169 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2468 тіркелген, 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 49 «Юридическая газета» газетінде жарияланған):
бұйрықтың мемлекеттік тілдегі атауына және кіріспесіне өзгерістер енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
бұйрықтың мемлекеттік тілдегі «Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту туралы» деген атауы «Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы» деп жазылсын;
бірінші абзацта «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты және аталған заңның 32-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:» деген сөздер ««Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:» деп жазылсын.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережеде бүкіл мәтін бойынша «аумақтық әділет органының», «аумақтық әділет органы», «аумақтық әділет органына», «аумақтық әділет органымен» деген сөздер «әділет департаментінің», «әділет департаменті», «әділет департаментіне», «әділет департаментімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
Полная версия