Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 14.04.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы. 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 678
1. Үкiмет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 678 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техникасы)
1.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-2-бөлімдер алынып тасталды ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министрiнiң өкiмдерiн ресiмдеудiң тәртiбi (заңдық техникасы)
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Премьер-Министрi актiлерiн ресiмдеуге қойылатын жалпы талаптар
24. Үкiметтiң қаулысы мен Премьер-Министр өкiмiнiң мынадай деректемелерi:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы;
2) актiнiң нысанына нұсқама;
3) аталған актiнi реттеудiң нысанасын бiлдiретiн тақырып;
4) актiнiң қабылданған жерi мен күнi;
5) актiнiң тiркеу нөмiрi;
6) Премьер-Министрдiң не оның мiндетiн атқарушы адамның қолы;
Полная версия