1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 678 және 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 358 Қаулысы
Осы редакция 16.09.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 1 наурыздағы N 190 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 678 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 23, 199-құжат):
1-тармақта "Yкiмет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулық" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техникасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техникасы) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:
12-тармақта:
бiрiншi абзацта:
"бiрiншi басшының мiндетiн атқарушы адам" деген сөздер "бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметке, Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сауалға жауап қайтару" деген сөздерден кейiн "немесе атқару туралы есеп (ақпарат) беру" деген сөздермен толықтырылсын;
"(немесе оның мiндетiн атқарушы адамның)" деген сөздер "(бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметке, Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"немесе дайындаған" деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеңсеге енгiзiлетiн Yкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң жобаларын, заң жобаларын және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiмет қорытындыларының жобаларын Үкiметтiң Регламентiне сәйкес жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қоюға тиiс.";
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"факсимилесi, бояуы және өзге де былғанышы бар, қандай да бiр бүлiнген, оның iшiнде тескiшпен тiгiлген, шимайқағазға және мемлекеттiк органдар бланкiлерiнiң көшiрмелерiне шығарылған құжаттар Кеңсеге қабылдауға жатпайды";
12 және 45-тармақтарға сiлтемелер мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия