Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2017
"Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 68 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 4 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 07.12.2016 жылғы № 778 Қаулысына сәйкес
1. «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 452-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасында:
«23) өтініш беруші – электрондық (цифрлық) тахографқа электрондық карточка беру үшін өңіраралық көліктік бақылау инспекциясына өтініш білдірген жеке немесе заңды тұлға;»;
«24) сервис орталығы (шеберхана) (бұдан әрі – сервис орталығы) – тахографтарды орнату және қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
«27-1) тахографқа қызмет көрсету - тахографты дәлдеу және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізу;»;
«34) электрондық (цифрлық) тахографтың электрондық карточкасы (бұдан әрі – карточка) – жүргізушінің еңбек және демалыс режимі туралы деректерді, электрондық (цифрлық) тахографпен жұмыс істеу үшін қажетті өзге де ақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін интегралды микросхемасы бар карточка.»;
«3) жолаушылардың және багаждың автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдары;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты емес тасымалдау.»;
«4) тахограф істен шыққан кезде, еңбек және демалыс режимінің жазбасын диаграммалық дискінің сыртқы жағында оған түсірілген тиісті графикалық белгілерді пайдалана отырып қолмен жүргізеді және ақауларды жою үшін қозғалыс бағыты бойынша ең жақын сервис орталығына өтініш жасаумен шаралар қабылдайды. Жүргізушілер автокөлік құралынан тысқары болып, бақылау құрылғысын пайдалана алмаған жағдайда, олар өздерінің диаграммалық дискілеріне іс-әрекеттері мен демалысы туралы мәліметтерді қолмен енгізеді;»;
Полная версия