1. «Электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 220-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 16.10.2018
"Электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1380 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 16 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 28.09.2018 жылғы № 605 Қаулысына сәйкес
«5) құжаттың электрондық көшірмесі - өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзі жеке қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;»;
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Құжаттың электрондық көшірмесін жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тиісті түпнұсқа қағаз құжат деректемелерінің деректерін қамтитын ақпарат толық қалпына келтіріледі.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық құжат айналымы жүйесін пайдаланатын мемлекеттік органдар 10 жылға дейін сақтау мерзімімен басқарушылық құжаттармен хат алмасуды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ғана жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтау мерзімдері 75 жыл, тұрақты, сондай-ақ «сараптау-тексеру комиссиясы» (бұдан әрі - СТК) белгісі бар электрондық құжаттардың қағаз құжаттың түпнұсқалары болады»;
«35. Электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесі бастапқы құжат электрондық құжат болып табылатындығы және электрондық құжатты куәландырған адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру рәсімінің нәтижесі туралы мәліметтер түсірілгені көрсетіле отырып, куәландырылады. Қағаз жеткізгіштегі электрондық құжаттың көшірмесін куәландыру және электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру нәтижесі туралы ақпаратты түсіру үшін парақтардың саны және куәландырушы адамның қолтаңбасы үшін жолдарды көрсетумен «* * * Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс.»* деген мәтінімен мөртабан (үшбұрышты нысандағы) пайдаланылады.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің теріс нәтижесі болған кезде парақтардың саны және куәландырушы адамның қолтаңбасы үшін жолдарды көрсетумен «? ? ? Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс емес.»** деген мәтінімен мөртабан (үшбұрышты нысандағы) пайдаланылады.»;
«36. Құжаттың электрондық көшірмесін куәландыру өкілеттігіне өтініш беруші, құжаттардың электрондық көшірмелерін жасауға жауапты ретінде ЭҚАБЖ-де анықталған адам, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкері ие болады.
Құжаттың электрондық көшірмесін және ЭҚАБЖ-де электрондық құжаттың қағаз көшірмесін куәландыруға өкілеттілік ЭҚАБЖ-не қатысушыларымен бекітілген құжаттандыру және құжаттаманы басқару Кағидаларымен бекітіледі.
Халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкері құжаттың электрондық көшірмесін жеке өзінің қатысуы кезінде мемлекеттік қызметті алушының растау және (немесе) заңнамада белгіленген тәртіппен берілген құжатты (тарды) пайдалану туралы ілеспе хатымен қоса берілген жазбаша келісімінің (өтінішінің) негізінде куәландырады.»;
«5) «* * * Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс.»* мәтінімен мөртабан, парақтардың саны және куәландырушы адамның қолтаңбасы немесе «? ? ? Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс емес.»** деген мәтінімен мөртабан, парақтардың саны және куәландырушы адамның қолтаңбасы.
___________________________________________ * Электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру рәсімінің оң нәтижесі анықталды
___________________________________________ ** Электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру рәсімінің теріс нәтижесі анықталды»
«54. Сақтау мерзімдері 75 жыл, тұрақты, сондай-ақ «СТК» белгісі бар электрондық құжаттардың қағаз құжаттың түпнұсқалары болады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр! С. Ахметов
Полная версия