Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.12.2018
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі N 1193 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 624 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 12.12.2018 жылғы № 804 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабына сәйкес   ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. "Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі N 1193  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 38, 384-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасында:
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
"Аса көрнекті қайраткерлердің мерейтойлық даталарына арналған коллекциялық монеталарда портреттерімен қоса тегі және аты (немесе инициалы), туылған жылы және мерейтой жылы жазылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"10. Банкноттар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылады. 
Шет тілінде ресімделетін басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындалатын коллекциялық монеталарды қоспағанда, коллекциялық және инвестициялық монеталарда жазулардың мәтіні мемлекеттік, сондай-ақ орыс немесе шет тілдерінде ресімделеді.";
12-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: 
"13-1. Банкноттардың бет немесе сырт жағында осы дизайндағы банкноттардың айналысқа алғашқы шығарылған кезіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы болуы тиіс.";
19-тармақта "қорытпаны" деген сөзден кейін "немесе металды" деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақтың бірінші сөйлемі алып тасталсын;
"қорытпасын" деген сөзден кейін "немесе металын" деген сөздермен толықтырылсын;
"Коллекциялық" деген сөзден кейін "және инвестициялық" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бағалы металдардан және мыс-никель қорытпаларынан" деген сөздер "металдардан және қорытпалардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi