Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 424 қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1515 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
«Магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы № 366 Бұйрығын қараңыз
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Магистральдық темiржол желiсiн пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1515 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2. Осы қаулы pecми түрде жарияланған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 16 сәуірдегі
№ 424 қаулысымен
бекітілген
Магистральдық теміржол желiсін пайдалану қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.05.2013 жылғы № 507 Қаулысымен (16.04.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2013 жылы № 151 (28090) ) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1515 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
1. Осы Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалары) «Темір жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және магистральдық теміржол желісін пайдалануды ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы пойыздар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше талаптар бойынша тағайындалатын жолаушыларды және/немесе аса маңызды әскери немесе стратегиялық жүктерді тасымалдауға арналған пойыздар;
2) график тармағы – пойыздың жөнелту, межелі және баратын пункттері, жөнелту, келу, технологиялық тұрақтар уақыты, орташа жүріс уақыты, сондай-ақ пойыздың басқа да техникалық параметрлері көрсетілген жүру маршрутының графикпен бейнеленуі;
3) диспетчерлік кесте – пойыздардың қозғалыс кестесінен шығып қалған, кезектен тыс, арнаулы, қосалқы пойыздардың, жолаушы және жүк пойыздарының жедел қозғалыс жоспары;
4) жүк тасымалдаудың айлық жоспары – тасымалдаушы жасайтын және күнтізбелік айға тиеу көлемдері, вагон ағындарының корреспонденциялары бойынша болжамды деректерді көрсететін құжат;
5) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің үлесі (график тармақтарының саны) – уақыттың белгілі бір аралығында магистральдық теміржол желісінің қандай да бір бөлігінде пойыздар (пойыз жұбы) қозғалысының барынша жоғары мөлшерін қамтамасыз ету жөніндегі оның әлеуетті мүмкіндігі;
6) кезектен тыс пойыздар – қозғалыс графигінде көзделмеген (қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары, қар тазартқыштар, вагонсыз локомотивтер, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам), пойыздар қозғалысындағы кедергілерді жоюға, болжанбаған жұмыстарды орындауға және көлік құралдарын тиісінше көшіруге арналған пойыздар;
7) қосымша өтінімдер – пойыздар қозғалысының нормативтік графигі қолданыста болған кезеңде тасымалдаушылардан келіп түскен қосымша тасымалдауларға магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуді ұсынуға арналған өтінімдер;
8) қосалқы пойыздар – жолаушыларды отырғызу пункттеріне, техникалық станцияларға және тұрақтау пункттеріне бара жатқан жеке локомотивтер немесе локомотив топтары (топтамалары), жолаушы вагондарынан, дизель және электр секцияларынан тұратын пойыздар, сондай-ақ пойыздардың нақтыланған қозғалыс графигінде қозғалысы көзделмеген ұлттық инфрақұрылым операторының өз мұқтаждарына арналған пойыздар;
9) қосымша тасымалдар – пойыздар қозғалысының нормативтік графигінде көзделмеген, магистральдық теміржол желісінің бос немесе белгіленген тәртіппен босатылған өткізу қабілеті есебінен жүзеге асыру мүмкін болатын қосымша қозғалыс тармақтарын бөлуді талап ететін тасымалдар;
Полная версия
ИС BestProfi