Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.01.2019
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1229 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 321 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 19 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 922 Қаулысына сәйкес
1. "Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1229 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:
5-тармақта:
үшінші абзацта "медициналық" деген сөз "*медициналық" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
"дәрілік заттарды" деген сөздер "**дәрілік заттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өндіру" деген сөзден кейін "немесе көтерме саудада өткізу" деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзацта "дәрілік заттардың" деген сөздер "***дәрілік заттардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия