Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.03.2017
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 146 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6560 болып енгізілді
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 7 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 304 Қаулысына сәйкес
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашадағы № 11 Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
атауы мен 1-тармағы «әдістемесі,» деген сөзден кейін «сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі,» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы қоса берілген Нұсқаулықта:
атауы мен кіріспенің бірінші бөлігі «әдістемесі,» деген сөзден кейін «сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі,» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«СРС - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды, сақтандыру резервтері жөніндегі есептілікті беру нысандарын және мерзімін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6293 тіркелген) сәйкес есептелген қайта сақтандырушының соңғы есепті айдың соңындағы үлесін алып тастағандағы сақтандыру резервтерінің сомасы. Сақтандыру резервтері сомасы уәкілетті органға ай сайынғы қаржылық есеп беруді ұсынған күнге дейін пайдаланылады.»;
мынадай мазмұндағы 33-1, 33-2 және 33-3-тармақтармен толықтырылсын:
«33-1. Осы Нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі мен активтердің сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеуді ескеріп, төлем қабілеттілігінің нақты маржасын есептегенде, сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесінің сомасына Қазақстан Республикасының резиденттері және Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі мынадай жағдайлардың бірі болғанда кіргізілмейді:
Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы «Standard & Poor's» агенттігінің «В-»-тен төмен халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе осы рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағасы жоқ;
қайта сақтанушыда (цедентте) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы туралы ақпараты, оның ішінде қайта сақтандыру шартын жасаған күннің алдындағы соңғы үш қаржы жылының қаржылық есептілігі және оны тіркеген елдің уәкілетті органының қайта сақтандыру шартын жасаған күнге дейінгі соңғы есепті кезең ішінде төлем қабілеттігі маржасы (меншікті капиталы) бойынша талаптарын сақтауы туралы ақпараты жоқ;
сақтандыру тәуекелдерін тапсыру кезінде факультативті қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері қайта сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді орындау валютасы бағамының өзгеру нәтижесінде асып түсу жағдайын қоспағанда, сақтандыру шарты бойынша сыйлықақы мөлшерінен асып түсуі;
Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған қайта сақтандыру шарты ерікті жеке сақтандыру немесе қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан немесе қызметі үшінші тұлғаларға нұқсан келтіру қаупіне байланысты болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды қоспағанда, міндетті сақтандыру шарттары бойынша тәуекелдерді тапсыруды көздейтін факультативті қайта сақтандыру шарты болып табылады;
Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған қайта сақтандыру шарты қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан немесе қызметі үшінші тұлғаларға нұқсан келтіру қауіпіне байланысты болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша тәуекелдерді тапсыруын көздейтін факультативті қайта сақтандыру шарты болып табылады;
қайта сақтандыру шарты жауапкершіліктің он пайыздан аспайтын және сақтандыру сыйлықақының елу пайыздан астам көлемін тапсыруды көздейді;
қайта сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының халықаралық рейтингтік бағасы төмен не активтерінің немесе меншікті капиталының мөлшері қайта сақтанушыдан (цеденттен) қарағанда кем сақтандыру тәуекелдерін тапсыруды көздейді;
қайта сақтандыру шарты қайта сақтанушының (цеденттің) қайта сақтандыру саясатына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6113 тіркелген) ережелеріне қайшы келтіріп жасалған;
Полная версия
ИС BestProfi