Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 250 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5536 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 7 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 304 Қаулысына сәйкес
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5331 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықта:
" Осы Нұсқаулықта көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғалары бөлігіндегі нормалар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тура иелік етуі (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың аффилиирленген тұлғаларына қатысты қолданылмайды.";
"37. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз активтерін мынадай халықаралық қаржы ұйымдарының айналысқа шығарған, "Standard & Poors" агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бағалы қағаздарына орналастыра алады:";
" 2-1) мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздарға жиынтық орналастыру (кері РЕПО операцияларын қоса алғанда) - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;
2-2) тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына жиынтық орналастыру (кері РЕПО операцияларын қоса алғанда) - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;";
"41-1. Осы Нұсқаулықтың 41-тармағында көрсетілген әртараптандыру нормативтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының бағалы қағаздарына тарамайды.";
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған, күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) борыштық бағалы қағаздары
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің қатысуымен жасалынатын (НД3) "кері РЕПО" мәмілелері отыз күннен аспайтын мерзімге және тек автоматты тәсілмен жасалынуы мүмкін, қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің отыз пайызынан аспайды" деген екінші кестедегі "
"Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының сақтанушыларға беретін заемдарының жиынтық мөлшері - (НД5) қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің он пайызынан артық емес
" деген реттік нөмірі 2-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3, 4 -жолдармен толықтырылсын:
Мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздарға ("кері Репо" операцияларын қоса алғанда) жиынтық орналастыру (НД6) – қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің он пайызынан артық емес
4.
Тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына ("кері Репо" операцияларын қоса алғанда) жиынтық орналастыру (НД7) – қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің он пайызынан артық емес
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған, күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) баланстық құнның 100% көлеміндегі борыштық бағалы қағаздары
3. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2009 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде "Сақтандырушылық қадағалау" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, " Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.