Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір қаулыларына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қызметін реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 90 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5693 болып енгізілді
Осы редакция 03.09.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. 
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 
Осы қаулының қосымшасының 5-тармағының бесінші, оныншы және он екінші абзацтарының қолданылуы осы қаулыны қолданысқа енгізгенге дейін жасалған қайта сақтандыру шарттарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен екінші деңгейдегі банк арасындағы банктік салым шарттарына таралмайды, бірақ осы қаулыны қолданысқа енгізген күннен бастап бір жылдан астам емес. Бұл ретте, олардың қолданыс мерзімін ұзартуды қоса алғанда, осындай шарттар өзгертілуге жатпайды. 
Бұрын жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі төлем қабілеттілігі маржасын және қайта сақтандырушының үлесін есептеу оларды жасасу сәтінде қолданыста болған әдістеме бойынша жүзеге асырылады. 
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова): 
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін. 
4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А.Түсіпов) 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде "Сақтандыру қадағалау" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені жетілдіруді қамтамасыз етсін. 
5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 90
 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі 
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1921 тіркелген) Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1921 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 433 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2634 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 101 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3594 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 103 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4227 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар: 
Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық): 
Полная версия
ИС BestProfi