Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.04.2002
Iшкi және халықаралық авиажелiлерiнде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған жүйелi авиарейстердi орындау құқығына ашық тендерлер өткiзудiң тәртiбi туралы уақытша ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 8 тамыз N 1239
Iшкi және халықаралық авиажелiлерiнде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау бойынша жұмыстар мен қызмет көрсетулер нарығындағы бәсекелестiктi одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Iшкi және халықаралық авиажелiлерiнде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған жүйелi авиарейстердi орындау құқығына ашық тендерлер өткiзудiң тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Уақытша ереже бекiтiлсiн. 
2. Қосымшаға сәйкес тендерлiк комиссияның құрамы белгiленсiн. 
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар 
министрлiгi бiр ай мерзiмде Iшкi және сыртқы желiлерде чартерлiк
рейстердi жүзеге асыру тәртiбi туралы Ереженiң жобасын әзiрлесiн және
Үкiметтiң қарауына енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 8 тамыздағы
                                            N 1239 қаулысымен
                                             бекiтiлген
         Iшкi және халықаралық авиажелiлерде жолаушыларды,
     багажды және жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге
         арналған жүйелi авиарейстердi орындау құқығына ашық
                  тендерлер өткiзудiң тәртiбi туралы
                           УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
                          I. Жалпы ережелер
1. Осы Уақытша ереже Iшкi және халықаралық авиажелiлерде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған жүйелi авиарейстердi орындау құқығына ашық тендерлер ұйымдастыру мен оны өткiзудiң бiрыңғай тәртiбiн айқындайды. 
2. Ашық тендердi өткiзудiң мақсаты әуе көлiгiнiң қызметiн тұтынушыларға қауiпсiз және сапалы қызмет көрсетудi қамтамасыз ету, авиациялық көлiктiң жұмысы мен қызметiнiң рыногын реттеу, онда бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау, осы қызметтердi тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау болып табылады. 
3. Тендердiң нысанасы белгiлi бiр маршруттарда жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау бойынша қызмет көрсетуде жүйелi авиарейстердi орындауға құқық алу болып табылады. 
4. Тендердiң негiзгi принципi тұтынушылар үшiн мейлiнше қауiпсiз әрi тиiмдi жағдайлар ұсынатын және ұсына алатын авиатасымалдаушыға нақты әуе желiсiн пайдалану құқығын беру болып табылады. 
Тендердi ұтып шыққан деп тендер комиссиясының қорытынды бойынша өте жақсы жағдайлар ұсынған тұлға танылады. 
5. Тендердi өткiзудiң негiзгi мiндеттерi: 
а) авиатасымалдаушылар үшiн әуе желiлерiн пайдалану құқығын алуына бәсекелестiк орта мен тең жағдайлар жасау; 
б) тұтынушылар үшiн әуе кемелерi ұшуының қауiпсiз жағдайларын, тасымалдаудың жүйелiлiгiн, тұтынушыларға қызмет көрсетудiң жоғары сервисi мен сапасын қамтамасыз ететiн мейлiнше тиiмдi және пайдалы ұсыныстарды анықтау. 
6. Ашық тендерлер өткiзудiң бастамашысы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi болады. 
Тендердi тендер комиссиясы өткiзедi, оның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
7. Тендер Қазақстан Республикасында тендерге шығарылған әуе желiлерi бойынша жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдаудың қажеттi талаптарын сақтай отырып мейлiнше әлеуеттi жүзеге асыратын бiрнеше (кемiнде екеу) авиатасымалдаушы болған кезде жариялана алады. 
8. Тендер процесi оның жариялануы мен жеңiмпазды таңдауға дейiнгi сәтiнен бастап кемiнде бiр айдан және үш айдан аспайтын уақытты алуға тиiс. 
9. Тендер жеңiмпазы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен тендерде әуе желiлерiн ұтып алынған әуе желiлерiн пайдалануға келiсiм-шартқа қол қою құқығын алады. 
10. Тендерге жекелеген әуе желiлерi де, сондай-ақ осы желiлердiң пакеттерi де қойылуы мүмкiн. 
Тендерге қойылатын әуе желiлерiнiң пакеттерiн қалыптастыру кезiнде ұтымдыларымен бiрге оған әлеуметтiк мәнi бар әуе желiлерi де қойылуы мүмкiндiгiн ескеру қажет. Мұндай пакеттерге 4-тен аспайтын әуе желiсi қосылуы мүмкiн. 
Полная версия
ИС BestProfi