"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2023
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 343 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.04.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 343 қаулысымен бекітілген
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі
Жалпы ережелер
1. Осы Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасында сәйкестендіру нөмірлерін енгізу негізінде белгілі бір тұлғаға қатысты мәліметтерді тіркеудің және есепке алудың бірыңғай жүйесіне көшуді қамтамасыз етеді.
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау
2. Қазақстан Республикасы Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері жеке сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі - ЖСН) мен бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін (бұдан әрі - БСН) есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізген кезде ақпараттық жүйелердің негізінде құрылады.
3. Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі мен дербес деректерді қамтамасыз ету мақсатында Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері кіріктірілген және тіркеу-өндірістік деген бөліктерге бөлінген.
4. Ақпараттық жүйенің тіркеу-өндірістік бөлігінде құжаттарды беру туралы өтініштерде қамтылған деректердің негізінде ЖСН қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
5. Ақпараттық жүйенің кіріктірілген бөлігі мынадай міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:
1) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорларына өзекті сипат беру және ақпараттың қайталануын болғызбау;
2) ақпараттық ресурстарды басқару мен пайдалану тетігін жетілдіру;
3) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын олардың жүгінуі кезінде рәсімдерді жеделдету және оңайлату арқылы жетілдіру.
6. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі БСН беру жолымен заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік (есептік) тіркеуді немесе қайта тіркеуді есепке алудың бірыңғай жүйесін, ақпаратты сыныптау және кодтау жүйесін, электрондық хабарлау арқылы деректермен алмасудың бірыңғай форматын, ақпараттық-іздестіру жүйесін, модульдардың ақпараттық-телекоммуникациялық байланыстарын және ақпараттық сұратуларды өңдеуді өзіне қамтиды.
Полная версия