Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабының 14) және
Внимание! Документ утратил силу с 03.03.2009
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті жасау және табыс ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 24 шілдедегі N 263 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4881 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2009 жылғы 3 наурыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.02.2009 жылғы № 68 Бұйрығына сәйкес
121-бабының 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті жасау және табыс ету жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есептің нысаны бекітілсін.
3. Ақпараттық технологиялар департаменті 2007 жылғы 24 қыркүйекке дейінгі мерзімде Нұсқаулыққа сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті жасауға арналған бағдарламалық өнімді әзірлеуді қамтамасыз етсін.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын есептіден кейінгі айдың 7-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті табыс етсін.
5. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
6. мынадай:
1) "Республикалық бюджеттің қаражатын игеру туралы жедел есептілікті жасау және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 192 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2308 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
7. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы»24 шілдедегі N 263 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті жасау және табыс ету жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын атқаруының ай сайынғы мониторингін жүзеге асыру мақсатында әзірленді және республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті жасауға қойылатын негізгі талаптарды айқындайды.
2. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жіберетін»"Бюджет үдерісінің мониторингі" бағдарламалық өнімін (бұдан әрі - Мониторинг) пайдалана отырып, осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
3. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру туралы талдамалық есепті толтыру:
1) 1-9, 13-бағандарды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері толтырмайды (осы бағандардың мазмұны Мониторингтен автоматты түрде берілетін болады) және түзету құқығынсыз оқу режимінде пайдаланылатын болады;
2) 10-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 1 қазандағы жағдай бойынша және ағымдағы жылдың соңына дейінгі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есептен бастап әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша бір жылдағы республикалық бюджет шығыстары жөніндегі күтілетін атқарылу көрсетіледі.
3) 11-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бір жылға арналған қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген соманың 1 қазандағы жағдай бойынша және ағымдағы жылдың соңына дейінгі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есептен бастап бір жылда күтілетін атқару сомасынан ауытқуын көрсетеді.
4) 12-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 1 қазаннан бастап және ағымдағы жылдың соңына дейінгі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есептен бастап бір жылдағы атқару пайызы көрсетіледі;
5) 14-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан қаражатты үнемдеу сомасын көрсетеді;
6) 15-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне тәуелді емес әрбір объективті себептер бойынша жеке қалыптасқан соманы (бағамдық айырманың, форс-мажорлық жағдаяттардың, бағалардың өзгеруі және тұтынудың заттай көлемінің есебінен қалыптасқан пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы, бос орындардың болуы, ақысыз демалыстарды беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі қабылданбаған Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің бөлінбеген қалдығының, жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санының азаюы, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының өзгеруі есебінен) көрсетеді;
7) 16-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері басқа да себептер бойынша қалыптасқан жалпы соманы көрсетеді;
8) 17, 18, 19, 20-бағандарда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері басқа да себептер бойынша қалыптасқан жоспардың орындалмау сомасын таратып жазады;
9) 21-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті кезеңдегі төлемдер бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) жоспарының орындамау себептерін ай сайын көрсетеді.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері нысанды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын және осы бағдарламалық қамтыммен қалыптастырылатын белгіленген ХМL форматында қалыптастырылатын бағдарламалық қамтымда орындауы тиіс.
5. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепке осы органның басшысы немесе белгіленген тәртіппен оның қызметін атқаратын тұлға және есепті жасауға жауапты қызметкер қол қояды, қолтаңбалардың жанында қолтаңбалар таратылып жазылуға тиіс (аты-жөні).
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қағаз тасығышта және электрондық түрде береді.
6. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есептегі барлық құн көрсеткіштері мың теңгемен берілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 24 шілдедегі
N 263 бұйрығымен бекітілген
____ жылғы 1 ______ жағдай бойынша есепті деректер жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру туралы талдамалық есеп
Коды | Атауы | Бір жылға арнал- ған жиынтық қаржы- лан- дыру жоспары | Түсімдер мен қаржылан- дырудың жиынтық жоспары, есепті кезеңге арнал- ған міндеттеме- лер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары | ж. 1 жағдай бойынша бюджет түсімде- рінің атқарылуы және/ немесе бюджеттік бағдарла- малар (кіші бағдарла- малар) бойынша төленген міндет- темелер | |||
Әкімші | Бағ- дарла- ма | Кіші бағ- дарла- ма | міндет- темелер бойынша | төлем- дер бойынша | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Барлығы | |||||||
Ағымдағы бюджет- тік бағдар- ламалар | |||||||
Бюджет- тік даму бағдар- ламалары | |||||||
00 | Респуб- ликалық бюджет- тік бағдар- ламалар- дың әкімші- лері, барлығы | ||||||
Ағымдағы бюджет- тік бағдар- ламалар, барлығы | |||||||
оның ішінде нақты бюджет- тік бағдар- ламалар (кіші бағдар- ламалар) бойынша | |||||||
оның ішінде нақты бюджет- тік бағдар- ламалар (кіші бағдар- ламалар) бойынша |
кестенің жалғасы:
бюджет- тің атқары- лу % және/ немесе бюджет- тік бағдар- ламалар (кіші бағдар- лама- лар) бойынша төлен- ген міндет- темелер (8-бағ. /7-бағ. -*100) | Төлемдер бойынша қаржы- ландыру жоспа- рының атқарыл- мау сомасы (8-бағ./ 7-бағ.) | бір жылдағы күтіле- тін атқарылу | Ауытқу (11-бағ. - 5-бағ.) | бір жылдағы атқарылу % (11- бағ./ 5-бағ.* 100) | оның ішінде | |
мемлекет- тік сатып алу нәтиже- лері бойынша үнемдеу | республи- калық бюджеттік бағдар- ламалар- дың әкімші- леріне тәуелді емес объектив- ті себептер | |||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
кестенің жалғасы:
оның ішінде | (Республи- калық бюджеттік бағдарла- малар әкімші- лерінің жоспарды орындамау себептері- нің негізде- месі) | ||||
басқа да себептер | оның ішінде мыналардың есебінен: | ||||
мемлекет- тік сатып алу бойынша өтпеген конкурс- тардың, конкурс- тық рәсімдер- ді ұзақ өткізу (өткіз- беу) | шарттарды жасасу рәсімдерін ұзақ өткізу және оларды қазынашы- лық орган- дарында тіркеу | орындалған жұмыстардың актілерін және ақы төлеуге шоттарды ұсынбау, жоспарлан- ған іс-шаралар- ды уақтылы өткізбеу, әкімшінің төлемдерді өткізу жөніндегі құжаттарды дұрыс | нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау және басқалар | ||
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
Бірінші басшының қолы ______________
Полная версия