Близость слов: Окончание:





Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 сәуірде № 6929 тіркелді
Редакция 05.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 30) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 жылғы № 294 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 29.08.2024 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес (14.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Б.С. Әбдірәсіловке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 126 бұйрығымен бекітілген
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрiнiң 18.05.2012 № 225 Бұйрығымен (31.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР 04.05.2013 жылғы № 172 Заңымен ( 18.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 жылғы № 56 Бұйрығымен (04.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 04.12.2017 жылғы № 606 Бұйрығымен (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 жылғы № 512 Бұйрығына сәйкес (04.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 жылғы № 170 Бұйрығымен (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 09.03.2021 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (30.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Үлгі ереже) «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 30) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Министрлік туралы ереже) 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 жылғы № 294 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 29.08.2024 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес (14.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Үлгі ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) диссертациялық кеңестер – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) жанындағы алқалы органдар;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 жылғы № 294 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор – ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәрежелер.
2-тарау. Диссертациялық кеңестердің қызметін ұйымдастыру
3. ЖЖОКБҰ-да диссертациялық кеңестер 3 (үш) жылға құрылады және докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары не білім беру бағдарламаларының топтары (бұдан әрі – БББТ) бойынша:
3-тармақ өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 09.01.2023 жылғы № 7 Бұйрығымен (09.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 жылғы № 294 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.08.2025 жылғы № 421 Бұйрығымен (29.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi