"Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлердi орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, темiр жолдар арқылы жүру және өту ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1248 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес «Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.01.2015 жылғы № 83 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса берiліп отырған Темiр жол көлiгiнiң қауiптiлігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлердi орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiр жолдар арқылы жүру және өту ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1248 қаулысымен бекiтiлген
Teмip жол көлігінің қауiптілігi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлердi орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiр жолдар арқылы жүру және өту ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Темiр жол көлiгiнiң қауіптiлiгi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiр жолдар арқылы жүру және өту ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi, темiр жол көлiгiнің қауiптiлiгi жоғары аймақтарында жұмыстар жүргiзу, оларда құрылыс және өзге объектiлерді орналастыру кезiнде қауiпсiздiк шараларын, сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң жолаушылары мен азаматтардың қауiптiлiк жоғары аймақтарында болуы және темiр жолдар арқылы өту, жүру кезiндегi қауіпсіздігі шараларын айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) темiр жол өткелi - темiр жолдарының автомобиль жолдарымен және трамвай жолдарымен бiр деңгейде қиылысу орны;
2) темiр жол көлігінің қауiптiлігі жоғары аймағы - темiр жолдар, темiр жол станцияларының, вокзалдардың аумақтары, тасымал процесiмен байланысты темiр жол көлiгi ұйымдарының өзге де объектiлерi;
3) жаяу жүргiншiлер төсемi - "Жолдар арқылы өту" жол сiлтегiшiмен белгiленген және жаяу жүргiншiлердiң темiр жолдармен жүруi үшiн бөлiнген темiр жол учаскесi.
3. Осы Ереже қызметi темiр жол көлігінің қауiптiлiгi жоғары аймақтарында объектілерді орналастырумен және оларда жұмыстар жүргiзумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға, темiр жол көлігінің қызметтерiн пайдаланатын жолаушыларға және қауiптiлігi жоғары аймақтарда тұратын азаматтарға қолданылады.
4. Темiр жол көлігінiң қауiптiлiгі жоғары аймақтарының шекаралары Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына және ережелерiне сәйкес белгiленедi.
2. Қауiптілiгi жоғары аймақтарда жолаушылардың және азаматтардың болуы, темiр жолдар арқылы жүру және өту тәртібi
5. Поездың келуiн күту вокзалдың (күту залдары, балалы жолаушыларға арналған бөлмелерi, демалыс бөлмелерi, сауда және қоғамдық тамақтандыру пункттерi), темiр жол станциясының арнайы белгіленген жерлерiнде жүзеге асырылады.
6. Жолаушылардың вагондарға отыруы (түсуi) поезд толық тоқтағаннан кейiн жүргiзiледi.
7. Жолаушылардың вагондардан шығуы мен отыруы перрон немесе отырғызу платформасы жағынан жүргізiледi.
Кәмелетке толмаған балалар вокзал аумағында ересектердiң қарауында болады.
8. Жоғары қауiптілiк аймақтарында:
1) балаларды қараусыз қалдырмау, әртүрлі қимыл ойындарын ұйымдастырмау;
2) қол жүгімен, багажбен, өзге де заттармен вокзал ғимаратына/ғимаратынан, перрондарға, отырғызу платформаларына, жаяу жүргіншілер көпірлеріне, төсемдерге, туннельдерге өтетін жолдарды бөгемеу;
3) вагондардың төбесiне, есігінiң баспалдақтарына, өту алаңдарына отырмау; поезд жүрiп келе жатқанда поезға отырмау және түспеу; поезд жүріп келе жатқанда вагон терезелерiнен және тамбурлардың есіктерiнен үңіліп қарамау;
4) iлме басқыштар мен өту алаңдарында және темiр жол көлiгiнiң баспалдақтары мен басқа да сыртқы бөлiктерiнде тұрмау, жүрiп келе жатқан поезд вагондарының есiктерiн ашпау, қала маңына қатынайтын поездардың автоматтық есiктерiнiң ашылып-жабылуына бөгет жасамау;
5) арнайы рұқсатсыз жүк поездарында жүрмеу;
6) поездарда мас күйде жүрмеу; поездар вагондарының терезелерi мен есiктерінен қоқыс және өзге заттарды тастамау; вагондарда тез тұтанғыш және жарылғыш заттарды тасымалдамау;
7) жол аралықтарында вагоннан шықпау және сол жерде қарсы келе жатқан поездың өтуi кезiнде тұру; жолаушы платформасынан темiр жолдарға секiрмеу; жергіліктi және қашық қатынастағы поездарда шылым шегу үшiн арналмаған жерлерде шылым шекпеу;
8) жолаушы платформасы арқылы келе жатқан немесе жөнелiп бара жатқан поезд вагонының жанында жүгiрмеу, сондай-ақ тоқтаусыз өтiп бара жатқан поездың қозғалысы кезiнде платформаның шетінен екi метрден кем қашықтықта болмау; поезд толық тоқтамай вагонға жақындамау;
9) поезды қажетсiз, өз еркiмен тоқтатпау.
9. Темiр жолдардан тек белгiленген жерлерде, жаяу жүргiншiлер көпiрлерi, туннельдерi, темiр жол өткелдерi арқылы өтуге рұқсат беріледi. Көпiрлерi мен туннельдерi жоқ станцияларда темiр жолдардан өтуге жаяу жүргiншiлер төсемдерi арқылы өтуге рұқсат етіледi.
10. Азаматтар жаяу жүргiншiлер төсемi бойынша темiр жолдан өтер алдында жүрiп келе жатқан темiр жол көлiгiнiң болмауына көз жеткiзуi қажет.
Темiр жол көлiгi жақындаған кезде тоқтауы және оны өткiзуi қажет.
11. Темiр жол өткелiне жақындаған кезде азаматтар жарық және дабыл беру, сондай-ақ шлагбаумның орналасу жағдайына қарауы қажет. Жолдарды кесiп өту ашық шлагбаумда, жүрiп келе жатқан темiр жол көлiнің болмауы кезiнде жүзеге асырылады.
12. Темiр жолдар арқылы жол жүру және өту аймақтарында:
1) темiр жол бойымен шеткi рельске 5 метрден жақын жерден өтпеу;
2) жаяу жүргiншiлер өтуi үшiн жабдықталмаған жолдармен темiр жол көпiрлерi мен туннельдерi арқылы жүрмеу;
3) темiр жолдар арқылы жүрмеу; жақын келе жатқан поездың алдынан, егер оған дейiнгi қашықтық 400 метрден кем болса, темiр жолдар арқылы өтпеу; бiр бағыт поезд өткеннен кейiн, қарсы бағыттағы поезд жүрiсi болмауына көзi жетпей, көпжолды учаскелер арқылы өтпеу;
4) шлагбаум жабық тұрған немесе өткелдiң дабыл беру бағдар шамы қызыл белгiсiн көрсеткен кезде темiр жол өткелдерiнен өтпеу; темiр жол өткелiндегi жабық тұрған шлагбаумның астына түспеу, сондай-ақ шлагбаум жабыла бастаған кезде өткелге шықпау; бағыттамалы бұрмалар бойынша жолдардан өтпеу; станциялар мен екi аралықтарда вагондардың астына кiрмеу және жолдан өту үшiн авто тiркеуден асып түспеу;
5) электрлендiрiлген учаскелерде тiректерге шықпау, сондай-ақ тiректен рельске дейiнгi еңiстерге тимеу; жерде жатқан электр сымына 8 метрден жақын қашықтыққа жақындамау;
6) рельстерге тұрмау немесе отырмау, үшкір және рамалық рельс немесе бағыттамалы бұрмалардың жылжымалы өзектерiнiң айқаспасы бар науа арасында тұрмау;
7) темiр жол көлiгi қозғалысының бұзылуына себепшi бола алатын заттарды темiр жолдарға қоймау, тастамау, қалдырмау.
3. Темiр жол көлігінiң қауiптiлiгі жоғары аймақтарында объектiлердi орналастыру және жұмыстар жүргізу тәртібi
13. Қауiптiлігі жоғары аймақтарда объектiлердi орналастыру және жұмыстар жүргiзу магистральдық темiр жол желiсi операторы беретін жазбаша рұқсат негiзiнде жүргiзiледi.
14. Темiр жол көлiгінiң қауіптiлiгi жоғары аймақтарында объектiлердi орналастыру және жұмыстарды жүргiзуге рұқсат алу үшiн магистралдық темiр жол желiсi операторына мынадай құжаттарды бередi:
1) жазбаша өтiнiш;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әзiрленген және бекiтiлген жобалық құжаттама;
3) жұмыстар жүргiзу кезiнде темiр жол көлiгiнiң қауiптiлігi жоғары аймағында зақым келтiрiлген элементтерді қалпына келтiру туралы міндеттеме;
4) жұмыстарды жүргiзу орындары мен қоршауларды қою схемасы;
5) жұмыстарды жүргiзудiң күнтiзбелiк кестесi және жұмыстарды жүргiзудiң күнтiзбелiк кестесiне сәйкес жұмысты аяқтау мiндеттемесi.
15. Өтiнiш жетi күннің iшiнде қаралады. Көрсетiлген мерзiмнен кейiн дәлелдi жауап берiледi. Осы Ереженiң 14-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбау қауiптілiгi жоғары аймағында объектінi орналастыруға және жұмыстар жүргiзуге рұқсат беруден бас тартуға негiз болып табылады.
16. Жедел авариялық-қалпына келтiру жұмыстары магистралдық темiр жол желiсi операторы өкiлiнiң қатысуымен, осы Ереженi 15-тармағында белгiленген тәртіппен кейiннен рұқсаттарды ресiмдей отырып орындалуы тиiс.
17. Темiр жол көлiгiнiң жоғары қауіптiлiк аймақтарында жұмыстарды жүргiзу темiр жол көлiгiндегi қозғалыс қауіпсiздігін төмендетпеуi, темiр жол көлiгi қозғалысында үзiлiстердiң пайда болуына әкелiп соқпауы тиiс.
18. Темiр жолдардың электр беру және байланыс желiлерiмен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, автомобиль жолдарымен, өзге де жер үстi және жер асты құрылғыларымен қиылысуына уәкiлеттi органның келiсiмiнен кейiн ғана жол берiледi.
Темiр жолдардың жер үстi және жер асты құрылыстармен қиылысуы осы құрылыстарды жобалау және орналастырудың нормативтi-техникалық кесiмдерiнiң тиiстi талаптарын сақтай отырып орындалуы тиiс.
19. Темiр жол көлiгiнің қауiптiлігi жоғары аймақтарында мал жайылымына тыйым салынады.
20. Қызметтiк автомобиль көлiгiнiң вокзалдар перрондарына кiру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
21. Қауiптілiгi жоғары аймақтарға өрттердi, аварияларды және басқа да табиғат апаттарын жою үшiн өрт сөндiрушiлердің және авариялық-құтқару командаларының жауынгерлiк есептерi жедел және шұғыл медициналық көмек бригадалары кедергiсiз жіберiледі.
Полная версия