Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен қабылданды (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
2005 жылғы 12 қазандағы, 2007 жылғы 17 қазандағы,
2011 жылғы 9 қарашадағы қаулыларымен енгізілген өзгерістер
мен толықтыруларды қоса)
1-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысымен; ҚР Парламенті Мәжілісінің 17.10.2007 № 64-IV қаулысымен (08.02.1996 жылғы редакцияны қараңыз)
Парламент Мәжiлiсiнiң Регламентi, оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар Палатаның жалпы отырыстарында Мәжiлiс депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және Парламент Мәжiлiсiнiң қаулысымен бекiтiледi.
2. Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстары ашық болып табылады және Мәжілістің интернет-ресурсында онлайн режимде трансляциялануы мүмкін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 жылғы № 1413-VI ПМ Қаулысына сәйкес (07.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 жылғы № 653- VII ПМ Қаулысымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Парламент Мәжiлiсi тоқсан сегіз депутаттан тұрады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысымен; ҚР Парламенті Мәжілісінің 17.10.2007 № 64-IV қаулысымен (08.02.1996 жылғы редакцияны қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 жылғы № 653- VII ПМ Қаулысымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Парламент Мәжiлiсi депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты ретiнде тiркеген кезден басталады.
5. Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырысын Мәжiлiс Төрағасы шақырады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысымен; ҚР Парламенті Мәжілісінің 17.10.2007 № 64-IV қаулысымен (08.02.1996 жылғы редакцияны қараңыз) ;ҚР Парламенті Мәжілісінің 09.11.2011 № 1926-IV қаулысымен
5-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 жылғы № 1413-VI ПМ Қаулысымен(07.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 жылғы № 653- VII ПМ Қаулысымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)