Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келiсiмдi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы N 1149 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI:  
1. 2006 жылғы 4 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келiсiм бекiтiлсiн. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Премьер-Министрі    Қазақстан Республикасының Үкіметі мен  
  Тәжікстан Республикасы Үкіметінің арасындағы  
  Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы  
  КЕЛIСIМ 
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Yкiметi 
Тараптар мемлекеттерi арасындағы саяси, әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық немесе өзге де ынтымақтастық барысында онымен алмасу жүзеге асырылатын, сондай-ақ осындай ынтымақтастық процесiнде қалыптасқан құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету ниетiн негiзге ала отырып,         Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерiнiң құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз етудегi өзара мүдделерiн ескере отырып, 
1993 жылғы 22 қаңтардағы Тәуелсiз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердiң мемлекетаралық құпияларының сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмдi iске асырудағы өзара мүдделiлiктi ескере отырып,         төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келiсiмде пайдаланылатын терминдер мыналарды бiлдiредi: 
"құпия ақпарат" - Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес қорғалатын, осы Келiсiмде белгiленген тәртiппен берiлген, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң ынтымақтастығы процесiнде қалыптасқан, оларды рұқсатсыз тарату Тараптар мемлекеттерiнiң қауiпсiздiгiне және мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн кез келген нысанда бiлдiрiлген мәлiметтер; 
"құпия ақпаратты жеткiзгiштер" - қорғалатын құпия ақпарат нышандар, үлгiлер, белгiлер, техникалық шешiмдер және процестер түрiнде өз көрiнiсiн табатын материалдық объектiлер, оның iшiнде физикалық өрiстер; 
"құпиялылық дәрежесi" - құпия ақпараттың маңыздылығын, оған қол жеткiзудi шектеу деңгейiн және оны Тараптар мемлекеттерiнiң қорғау деңгейiн сипаттайтын санат, оның негiзiнде құпиялылық белгiсi қойылады; 
"құпиялылық белгiсi" - олардың жеткiзгiшiнде болатын, жеткiзгiштiң өзiнде және (немесе) оған iлеспе құжаттамада қойылатын мәлiметтердiң құпиялық дәрежесi туралы куәландыратын деректемелер; 
"уәкiлеттi орган" - мемлекетаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру үшiн жауапты мемлекеттiк орган; 
"ұйым" - Тараптар мемлекеттерiнiң ынтымақтастығы процесiнде берiлетiн немесе қалыптасқан құпия ақпаратты алуға, сақтауға, қорғауға, пайдалануға Тараптар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган немесе ұйым; 
"құпия ақпаратқа рұқсат ету" - жеке тұлғалардың құпия ақпаратқа қол жеткiзуге, ал ұйымның осындай ақпаратты пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге құқығын ресiмдеу рәсiмi; 
"құпия ақпаратқа қол жеткiзу" - құпия ақпаратқа рұқсаты бар жеке тұлғаның онымен танысу процесi; 
"келiсiм-шарт" - Тараптар мемлекеттерiнiң ұйымдары арасында жасалатын, оның шеңберiнде құпия ақпарат қалыптасатын немесе берiлетiн шарт.
Полная версия
ИС BestProfi