1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 19.06.2021
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1415 Қаулысы.
Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 19 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 04.06.2021 жылғы № 375 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
«1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына және 77-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды не мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған, қызметінің негізгі мәні медициналық техниканы кейіннен қаржылық лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін сатып алуды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын ұйым (бұдан әрі – лизинг беруші) қаражатының есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық лизинг шарттарында сатып алуын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақта:
«19) тек бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютордың тізімі) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын әзірлейтін және бекітетін, дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауларын немесе құрамын, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауларын, сондай-ақ техникалық сипаттамаларын, жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын құжат. Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алынатын медициналық мақсаттағы бұйымдар енгізіледі;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
«25) ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарты – осы Ережеде белгiленген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету шеңберiнде бiрыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасының аумағында тиiстi өндiрiстiк практика стандарттарына сәйкес дәрiлiк заттардың, ISO стандарттарына сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндiрісін құруға ниетi бар заңды тұлғамен жеті жылға дейiнгi мерзiмге жасайтын дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;»;
мынадай мазмұндағы 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:
«26) кепілдік берілген сервистік қызмет көрсету – шығыс материалдары мен тозатын тораптарды қоспағанда, жеткізілген медициналық техниканы тиісінше пайдалану және сақтау шартымен сатып алу шартында және қаржылық лизинг шартында келісілген мерзімге өнім беруші (дайындаушы, орындаушы) ұсынатын оны жарамды жай-күйде ұстау жөніндегі қызметтер кешені, ол техникалық қызмет көрсетудің, техникалық диагностикалаудың және жабдықты дефектациялаудың, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының, техникалық консультациялар мен оқытудың кез келген түрлерін қамтиды;
27) қаржылық лизинг шарты – лизинг беруші белгілі бір өнім берушіден мүлікті өз меншігіне сатып алуға және осы мүлікті лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы түрде беруге міндеттенетін шарт, оның ішінде лизинг нысанасын сақтандыруды көздейді;
28) сатып алу туралы шарт – осы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес лизинг беруші/Тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, барлық қосымшаларымен және оған толықтырулармен, сондай-ақ шартта сілтемесі бар барлық құжаттамалармен бірге тараптар қол қойған шарт;
29) клиникалық-техникалық негіздеме – сұрау салынған медициналық техниканың қажеттілігі және оны қолдануға денсаулық сақтау ұйымдарының әзірлігі туралы ақпаратты қамтитын құжат;
30) лизинг бepуші – тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға қаржылық лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы;
31) лизинг алушы – қаржылық лизинг шартының талаптарына орай лизинг нысанасын қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы (лизинг мәмiлесiне қатысушы);
Полная версия