Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 шілдедегі N 725 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 45  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 1, 15-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану ережесінде: 
"су ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша" деген сөздер "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы ережеге" деген сөздер "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi