Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1718 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 623 Қаулысына сәйкес
«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 171 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
3) Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидаларының 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 30 және 31-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1718 қаулысымен
 бекітілген
Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары
1. Осы Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – «Байланыс туралы» Заң) сәйкес әзірленген және тіркелген телефон байланысы қызметтерін (бұдан әрі – телефон байланысы қызметтері) көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидалар ортақ пайдаланылатын телекоммуникацияның желісіне шыға алмайтын, жылжымалы радиотелефон немесе радиобайланыс желісі, корпоративтік және бөлінген телекоммуникация желілері арқылы телефон байланысы қызметтерін көрсетуді реттемейді.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) абонент – байланыс қызметін көрсету мақсатында абоненттік жол, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, осындай қызмет көрсету үшін шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат – абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, почталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін реквизиттері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер;
3) абоненттік жол – жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;
4) абоненттік нөмір – телефон байланысы қызметін көрсетуге шарт жасасу кезінде абонентке бөлінетін телефон нөмірі, ол арқылы басқа терминалдарды қосу кезінде телефон желісіне қосылған терминал сәйкестендіріледі;
5) абоненттік құрылғы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
Полная версия
ИС BestProfi