1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 21.09.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 189 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5794 болып енгізілді
#$Қолданушылардың назарына!Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3 және 4-тармақтан қараңыз.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
3. Ереженің 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағының екінші және үшінші абзацтарын, Ереженің 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 26.12.2011 № 221 (01.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2012 бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
4. Ереженің 4-тармағы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады, Ереженің 2-қосымшасының реттік нөмірі 5-жолының төртінші абзацы, 3-қосымшасы 1-тармағының реттік нөмірі 5-жолының төртінші абзацы, 4-қосымшасының реттік нөмірі 5-жолының төртінші абзацы
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 26.12.2011 № 221 (01.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2012 бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
5. Осы Ереженің қолданысы осы Қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін сатып алынған, негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген (principal protected notes) борыштық бағалы қағаздарға таралмайды.
6. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
7. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 189 қаулысымен бекітілді
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі (бұдан әрі - Мемлекеттік реттеу туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйым) және жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - Қор) қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.02.2012 № 35 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысы.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия