Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі және жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі N 105 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6413 болып енгізілді
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
1. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 109 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3603 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесіне:
«Қор биржасы апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ресми Web-сайтында мынадай мәліметтерді орналастырады:
1) осы Ереженің қосымшасына сәйкес осының алдындағы аптаның соңғы жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының акцияларына қатысты белсенді нарықтың болуына немесе болмауына қатысты;
2) қор биржасының ресми тізіміне кіргізілген Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының осы Нұсқаулықтың 9-1-тармағына сәйкес анықталатын құны туралы;
3) қор биржасының ішкі құжаттарымен анықталатын өзге мәліметтер.
Құны (кірістілігі) Әдістемеде белгіленген борыштық бағалы қағаздардың құнын анықтау критерийлеріне қарай есептелмейтін борыштық бағалы қағаздарды өтімді емес борыштық бағалы қағаздар деп түсінуге болады.»;
«7-1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары акцияларынан өзге, қаржы құралдары деп есептелетін, саудаға арналған және саудада қолда бар қаржы құралдарын бағалау Әдістемесіне сәйкес апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының 2010 жылғы 1 қазанға дейін сатып алынған өтімді емес борыштық бағалы қағаздары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін әділ құнына амортизация есебінен ағымдағы жиынтық құны бойынша есептелінеді. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының 2010 жылғы 1 қазаннан кейін сатып алынған өтімді емес борыштық бағалы қағаздары осы Ереженің 9-1-тармағына сәйкес анықталатын және қор биржасының ресми Web-сайтында жарияланатын әділ құны бойынша есептелінеді.»;
9-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацының екінші сөйлеміндегі «сайтында» деген сөз «Web-сайтында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«9-1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының әділ құны қор биржасымен мынадай формула бойынша анықталады: мұнда:
P – борыштық бағалы қағаздың әділ құны, номиналды құнына пайызбен;
i – купондық кезеңнің реттік нөмірі;
n – облигацияның айналыста болу мерзімінде купондық кезеңдердің саны;
Y – дисконттау ставкасы;
T0 – есепті жылдың ұзақтығы, күнмен;
Tn – белгіленген облигациялармен мәмілені орындау күні мен облигацияларды өтеу күнінің арасындағы күндер саны;
Tki – белгіленген облигациямен мәмілені орындау күнінің және ол бойынша кезекті купонын төлеу күнінің арасындағы күндер саны;
m – күнмен есептелетін есепті жылдың ұзақтығының күнмен есептелетін купондық кезеңнің ұзақтығына қатынасы;
Ki – жылдық пайызбен есептелетін есепті жылға облигация бойынша купон ставкасының «m» көрсеткішіне қатынасы.
Дисконттау ставкасы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен қор биржасының ресми тізімінің «Борыштық бағалы қағаздары» секторының әрбір жеке санаты (шағын санаты) үшін жылына бір рет күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша тиісті санатындағы (шағын санатындағы) орташа мөлшерленген жылдық кірістілік ставкасына қарай анықталады.
Қор биржасының директорлар кеңесінің осы шешімі уәкілетті органмен келісіліп, есепті жылдың бірінші айының он бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей қор биржасының ресми Web-сайтында жарияланады.
2009 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңдегі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының резиденті ұйымдарының өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының әділ құнын анықтау мақсатында, қор биржасы ресми тізімнің «Борыштық бағалы қағаздары» секторының әрбір санаты (шағын санаты) үшін жоғарыда көрсетілген кезеңде осы бағалы қағаздармен сауда-саттықтың көлемі бойынша мөлшерленген нарықтық кірістілігіне қарай есептелген дисконттау ставкасын осы қаулы қабылданған күннен бастап он бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей анықтайды.»;
10-тармақта «Алматы уақыты» деген сөздер «Астана қаласының уақыты» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Агенттік Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794) тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінде:
«6. «Кері Репо» операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жалпы мөлшері:
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір жеке жинақтаушы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінің жиырма бес пайызынан кем еместі;
2011 жылғы 1 сәуірден бастап әрбір жеке зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінің жиырма пайызынан кем еместі құрайды.»;
7-тармақ алынып тасталсын;
17-тармақтың 5) тармақшасында «осы қаржы құралдары» деген сөздер «Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, осы қаржы құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«19-1. Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтері есебінен осы Ереженің 19-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалармен шығарылған акциялармен не осындай акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттармен мәмілелер тек осы акциялар мәмілені жасау күніне, сондай-ақ мәмілені жасау күнінің алдындағы 12 (он екі) ішінде қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде болу шартымен ғана жасалады.
19-2. Ұйым (Қор) зейнетақы активтері есебінен осы Ереженің 19-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген және осы Ереженің 1-қосымшасының 2-тармағында және 3-қосымшасының 2-тармағында анықталған тізбеге кіретін тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарымен мәміле жасамайды.»;
Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесінде:
реттік нөмірі 10-жолдың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
реттік нөмірі 11-жолдың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
реттік нөмірі 6-жолдың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
Орташа инвестициялық портфельді құрайтын зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесінде:
1-тармақтың кестесінде:
реттік нөмірі 10-жолдың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
реттік нөмірі 11-жолдың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
2-тармақтың кестесінде:
реттік нөмірі 6-жолдың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
Агрессивті инвестициялық портфельді құрайтын зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесінде:
реттік нөмірі 10-жолдың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
реттік нөмірі 11-жолдың 6) тармақшасы алынып тасталсын.
3. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың жетінші абзацын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулының 1-тармағының жиырма сегізінші абзацы 2011 жылғы 20 қаңтарға дейін қолданыста болады.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамына, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайымның міндетін атқарушы Қ. Қожахметов
Полная версия