Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.10.2018
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі N 430 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қазандағы N 978 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 16 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 28.09.2018 жылғы № 605 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі N 430 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 17, 220-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2008 жылғы 22 қазандағы
 N 978 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2004 жылғы 17 сәуірдегі
 N 430 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесі
 1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 4-бабына сәйкес әзірленді. 
Ереже Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын айқындайды. 
Ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерден тұратын электрондық құжаттарға қолданылмайды. 
Мемлекеттік органдар үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) жабық (құпия) кілттерін жасау жөніндегі жұмыстар (әзірлеу, тіркеу, беру, сақтау, жою тәртібі) және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерден тұратын электрондық құжаттар мен ЭЦҚ жабық (құпия) кілттерінің сақталуын қамтамасыз ету тәртібі мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілермен айқындалады. 
2. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесі - электрондық құжатпен бірдей атауы бар және осы құжатты куәландыруға өкілеттігі бар тұлға куәландырған электрондық түпнұсқаны қағазға басып шығару арқылы алынған құжат; 
2) мемлекеттік органдардың бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі - БЭҚАЖ) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен тиісті мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары арасындағы электрондық құжат алмасу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық ұйымдастырушылық-билік ету құжаттамасын жасау, пайдалану, беру және сақтау үдерістері жүйесі; 
3) түйінді жеткізгіш ЭЦҚ-ның жабық кілті бар ақпаратты жеткізгіш; 
4) нормативтік-анықтамалық ақпарат - нормативтік құжаттарға негізделген және құжаттың әр түрлі сипаттарын анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат (жіктеуіштер, анықтамалықтар, тізбелер және басқалары); 
Полная версия
ИС BestProfi