1) "Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнің ведомствоаралық комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N 120 өкiмiне:
Внимание! Документ утратил силу с 17.04.2019
Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр өкiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 қыркүйкектегі N 68 Өкімі
Осы Өкім күшін жойды ҚР Президентінің 17.04.2019 жылғы № 26 Жарлығына сәйкес
1. Мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы "ведомствоаралық комиссиялар құрылсын" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөнiндегi ведомствоаралық комиссиялар құрылсын.";
2) "Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң инспекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 6 қазандағы N 169 өкiмiне:
өкiмнiң кiрiспесi мен 3-тармағы тиiсiнше жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiң әскери ұйымы жағдайын мониторингiлеу мақсатында:";
"3. Инспекция мiндеттерi мыналар болып айқындалсын:
1) Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлер комитетiнiң, Республикалық ұлан мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлiгi Азаматтық қорғанысы әскери бөлiмдерi бюджетiнiң орындалуына тоқсан сайын талдау жүргiзу;
2) әскери дайындық пен әскери қабiлеттiлiк жағдайын бағалау үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жекелеген құрамалары мен бөлiмдерiн жылына екi рет инспекциялау;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген iс-шаралардың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесiне хабарлау";
аталған өкiммен бекiтiлген инспекция құрамы осы өкiмге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) "Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң инспекциясының және ведомствоаралық комиссияларының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 25 наурыздағы N 320 өкiмiне:
тақырыбындағы "инспекциялар және" деген сөздер алып тасталсын;
осы өкiмге 2-7-қосымшаларға сәйкес 2-7-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын;
осы өкiмге 8-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң ведомствоаралық комиссиясы туралы үлгi ереже осы өкiмнiң 9-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Полная версия