Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында мерекелерге дайындық пен оларды өткізу жөніндегі ұсынымдарды мақұлдау туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2010 жылғы 17 ақпандағы № 01-39.10 Бұйрығы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мерекелерге дайындық пен оларды өткізу жөніндегі ұсынымдар (бұдан әрі - Ұсынымдар) мақұлдансын.
2. Мемлекеттік органдар мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде Ұсынымдарды басшылыққа алсын.
3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекіткен 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 32-15.11 Қазақстан Республикасында мерекелерді дайындау және өткізу тұжырымдамасының күші жойылсын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Президенті Әкімшілігінің басшысы                    А. Мусин
Қазақстан Республикасы
 Президенті Әкімшілігі
 Басшысының
 2010 жылғы 17 ақпандағы
 № 01-39.10 бұйрығымен
 МАҚҰЛДАНҒАН Қазақстан Республикасында мерекелерге дайындық
 пен оларды өткізу жөніндегі
 ҰСЫНЫМДАР
Кіріспе Қазақстан Республикасында мемлекеттік мерекелерге дайындық пен оларды өткізу жөніндегі Ұсынымдар (бұдан әрі - Ұсынымдар) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекіткен 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 32-15.11 Қазақстан Республикасында мерекелерге дайындық пен оларды өткізу тұжырымдамасының қағидаларын дамыту мақсатында дайындалды.
Осы тұжырымдаманы әзірлеу елде болған елеулі қоғамдық-саяси және экономикалық өзгерістерден туындады.
Бұл Ұсынымдар республиканың тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктерін және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру перспективасына, қазақстандықтардың жаңа, анағұрлым жоғары өмір сүру сапасын қалыптастыруға, сондай-ақ осы тұғырнамада елдің негізгі қоғамдық-саяси күштерінің бірігуі қажеттігіне байланысты 2012 жылға дейінгі мемлекеттік саясаттың басымдықтарын ескереді.
Осы Ұсынымдарды әзірлеу мен іске асырудың мақсаты  республиканың қазіргі заманғы болмысын, күллі қоғам үшін мән-маңызы бар құндылықтарды бейнелейтін мемлекеттік мерекелерге дайындық пен оларды өткізудің бірыңғай жүйесін құру болып табылады.
Қазақстан Республикасында мерекелерге дайындық пен оларды өткізудің бірыңғай қағидаттарын әзірлеу;
мерекелерге дайындық пен оларды өткізудің айқын идеологиялық базасын жасау;
мерекелерді ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша тиімді бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
қоғамның идеялық және рухани-мәдени бірігуін, елдің жалпыұлттық азаматтық сәйкестілігін нығайту;
қалың жұрттшылықты мерекелерге дайындық пен оларды өткізу процесіне тарту;
қоғамның мемлекет пен оның институттарына деген сенімін нығайту;
Полная версия
ИС BestProfi