"Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 05.10.2012
Документ показан в демонстрационном режиме!
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу мен сүрек дайындалған орындарын куәландыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 17 маусымдағы 2011 жылғы № 14-1/340 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 19 шілдеде № 7073 тіркелді
Бұйрықтың күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.10.2012 № 17-03/504 бұйрығымен (17.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу мен сүрек дайындалған орындарын куәландыру ережесі бекітілсін.
2. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу мен сүрек дайындалған орындарын сүректі куәландыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 92 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3621 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2006 ж. № 2, 200-құжат, жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 14-1/340 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу орындары мен дайындалған сүректi куәландыру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу орындары мен дайындалған сүректi куәландыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбiрiнен босату ережесiне сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу орындары мен дайындалған сүректi куәландырудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоса алғанда орман ресурстарын пайдаланудың айырықша тәртiбi белгiленген ормандарда бұл Ереже осы тәртiптi ескере отырып қолданылады.
2. Ағаш кесу орындары мен дайындалған сүректi куәландыру
2. Мемлекеттiк орман иеленушiлер сүрек дайындау жұмыстары аяқталғаннан кейiн кеспеағаштарды игерудiң толымдылығы мен дұрыстығын анықтау, толық кесiлмей қалған ағаштарды, тасып әкетiлмеген сүректi және сүрек дайындауды жүзеге асыру кезiнде басқа да тәртiп бұзушылықтарды анықтау мақсатында мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу орындары мен дайындалған сүрекке куәландыру жүргiзедi.
3. Куәландыруға рұқсат беру құжаттарында көрсетiлген тасып әкету мерзiмi аяқталған ағаш кесудiң барлық орындары жатады.
Сүрек дайындау мен тасып әкетудi кейiнге қалдыру мерзiмi берiлген жағдайда осы кейiнге қалдыру мерзiмi аяқталғанда қайталама куәландыру жүргiзiледi.
4. Сүрек босату кезiнде оны тасып әкету басталғанға дейiнгi мөлшерi ескерiле отырып, рұқсат беру құжаттарында көрсетiлген оны уақытша жинап қою орындарында дайындалған сүрек мөлшерiне куәландыру жүргiзiледi. Бұл ретте өрттер бүлдiрген екпелерде, сондай-ақ дауыл мен жел құлатқан ағаштарды жинап әкету кезiнде куәландыру осы сүректi есепке алу ұйымдастырылған жағдайда төменгi қоймаларда жүргiзiлуi мүмкiн.
5. Ағаш кесу орындарын куәландыру сүректi тасып әкету үшiн белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн iшiнде жүргiзiледi.
6. Куәландыру ағаш кесу орындарында анықталған тәртiп бұзушылықтарды дер кезiнде жою және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу мақсатында жұмыстар аяқталған соң техника мен жұмысшыларды басқа объектiлерге алып кеткенге дейiн жүргiзiледi.
Жұмыстар рұқсат беру құжатында белгiленген мерзiмнен бұрын аяқталған жағдайда орман пайдаланушы жұмыстардың аяқталу мерзiмi жайында орман иеленушiге 10 күнтізбелік күн бұрын хабарлайды.
Полная версия