Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығы       
Қазақстан Республикасының Конституциясы  44-бабының  8) тармақшасына сәйкес, медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн құру, Қазақстан Республикасының халқы денсаулығының негізгі көрсеткiштерiн жақсарту мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қолдансын.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2004 жылғы 13 қыркүйектегі
 N 1438 Жарлығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
Бағдарламаның      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн   атауы              реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға                      арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн       Президенттiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, негiз              бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге                      қабілетті халық үшiн" атты 2004 жылғы 19                      наурыздағы Қазақстан халқына  Жолдауы
Әзiрлеушi          Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау                      министрлiгi
Мақсаты            Мемлекет пен адам арасында денсаулық сақтау үшiн                      ынтымақтасқан жауапкершiлiк принциптерiне, халық                      денсаулығын жақсартуға бағытталған бастапқы                      медициналық-санитарлық көмектi басым дамытуға                      негiзделген медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi                      жүйесiн құру
Мiндеттерi         Мемлекет пен адам арасында денсаулықты сақтау                      үшiн жауапкершiлiктi бөлiсу; 
            негiзгi екпiндi бастапқы медициналық-санитарлық                      көмекке (бұдан әрi - БМСК) нақты көшiре отырып,                      медициналық көмек көрсетудi ұйымдастырудың                      халықаралық принциптерiне көшу; 
Полная версия
ИС BestProfi