Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 маусымдағы № 635 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 163 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 маусымдағы № 635 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 330-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету ережесінде:
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған тиісті аттестаты бар сарапшыны (бұдан әрі - сарапшы) не өзінің құрамында аттестатталған сарапшылары бар ұйымды (бұдан әрі - ұйым) тартқан кезде осы Ережені, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарт талаптарын басшылыққа алады.
5. Ұйым инжинирингтік қызметтер көрсеткен жағдайда ұйым шартқа қол қойылғаннан кейін техникалық және авторлық қадағалау және жобаны басқару үшін өзі құрған ұйымдық құрылымды, сондай-ақ ұйымның атынан жобаны басқаратын кандидатураны тапсырыс берушіге келісуге ұсынады.
6. Ұйым тапсырыс берушіге тікелей инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшылардың тізімін, олардың-міндеттері мен өкілеттіктерін жазбаша түрде ұсынады.»;
7-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сарапшы не ұйым инжинирингтік қызметтер көрсеткен кезде мынадай функцияларды жүзеге асырады:»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарының, конструкциялар мен бұйымдардың сапасын бақылау, оларды стандарттарға және Қазақстан Республикасында қолданыстағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес зертханалық сынауды ұйымдастыру және сапаны растайтын құжаттардың болуын (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және т.б.) тексеру;»;
8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сарапшы не инжинирингтік қызметтерді көрсететін ұйым инжинирингтік қызметтер көрсету кезінде заңнамаға және шарттардың талаптарына сәйкес:»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сарапшы не инжинирингтік қызметтерді көрсететін ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартта көзделген инжинирингтік қызметтердің сапалы, уақтылы және толық көрсетілуі үшін тапсырыс беруші алдында жауапты болады.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Сарапшы осы Ереженің талаптарын сақтамаған жағдайда, оның мәртебесін және инжинирингтік қызметтерді орындауға арналған құқығын куәландыратын аттестаттау куәлігінің қолданысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтатыла тұрады не кері қайтарып алынады.».
2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия