«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы № 1037 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес «Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.02.2015 жылғы № 210 Бұйрығын қараңыз
Редакция 20.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы № 1037 қаулысымен бекітілген
Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес грант алған өтініш беруші;
2) өтініш беруші – жеке тұлға, сондай-ақ қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алуға арналған өтінімін қарауға ұсынған заңды тұлға;
3) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген белгіленген үлгідегі өтініш;
4) индустриялық-инновациялық жоба (бұдан әрі – жоба) – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
5) инновациялық грант – инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
6) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
7) грант – технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант;
8) инновация – жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрінде практикалық тұрғыдан іске асырылған нәтижесі;
Полная версия