Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2015
Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 542 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6432 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 10.03.2015 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.02.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 14-бабына сәйкес және "Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің м.а.
 2010 жылғы 23 шілдедегі
 № 542 бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.02.2013 жылғы № 99 Бұйрығымен  (23.07.2010 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Осы Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 14-бабына сәйкес, «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді, аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы бағалау жүргізуді нақтылайды және денсаулық сақтау ұйымдарына таралады.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аккредиттеуші орган - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – аумақтық департаменттер);
2) денсаулық сақтау ұйымдары – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) сапа үйлестірушісі – медициналық ұйымның ішкі аудит қызметінің маманы.
3. Денсаулық сақтау ұйымдардың аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау (бұдан әрі - сыртқы кешендік бағалау) мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау;
2) аккредиттеу рәсімдерін өту үшін ұсынылатын құжаттарды сараптау;
Полная версия
ИС BestProfi