1. 1-қосымшаға сәйкес кейбiр акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын немесе кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға (бұдан әрi - РМК) қатысты мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) заңнамада белгiленген тәртiппен:
Внимание! Документ утратил силу с 17.07.2023
Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.02.2004. № 182 қаулысымен. (30.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 21.11.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекет тарапынан кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн басқару мен бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1) қоғамның директорлар кеңесiнiң (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін):
ұйымның орталық аппараты қызметкерлерiнiң штатын;
ұйымның есепке алу саясатын бекiтуiн;
2)
3) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін) ұйымның атынан:
ұйымның қызметi мен оны дамытудың (қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын) орындаудың нәтижелерiне ұйымның бiрiншi басшысының жауапкершiлiгі мен материалдық ынталандырылуының тiкелей байланысты болуын көздейтiн ұйымның бiрiншi басшысымен келiсiм-шарт;
аудиторлық ұйыммен жыл сайынғы аудит жүргізуге шарт жасасуын;
4) басшысы қоғамның директорлар кеңесiнiң төрағасымен (мемлекеттік басқару органымен - РМК үшін) келiсiм бойынша тағайындалатын iшкi аудиттiң жеке құрылымдық бөлiмшесiнiң ұйымда болуын;
5) уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен міндетті аудитті жүргізу жөніндегі біліктілік талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымдардың қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттен Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есептілік пен аудит стандарттарын ресми жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялаған халықаралық қаржылық есептілік пен аудит стандарттарына сәйкес ұйымның жыл сайынғы аудитінің жүргізілуін;
6) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысандар бойынша таралымы 30 мың данадан асатын қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жылдық (аудиторлық ұйым куәландырған) және тоқсандық қаржы есептiлiгiнiң уақытылы жариялануын;
7)
8) ұйым басшылары шетелдiк iссапарларының уәкiлеттi органмен келiсiлуiн;
9) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысандар бойынша ұйымның қаржы-шаруашылық қызметi туралы ұйым, оның еншiлес, тәуелдi ұйымдары және өзiнiң қатысу үлесiн есепке алу және қатысушылардың қаржылық есеп беруiнде оның ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан, осы қызметтен алынатын активтердi, мiндеттемелердi, кiрiс пен шығысты көрсету үшiн бiрлескен қызметтi жүзеге асыратын ұйымдары (бұдан әрi - бiрлесiп бақыланатын ұйымдар) бөлiгiнде - жеке, сондай-ақ өспелi қорытындысымен - бiрiктiрiлген ақпаратты мынадай мерзiмдерде ұсынуын:
1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша - есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;
жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;
10) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттiк басқару органы - РМК үшiн) алдында еншiлес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдарды басқару туралы, сондай-ақ еншілес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң негiзгi ұйым қызметiнiң көрсеткiштерiне ықпалы туралы жарты жылдық есептер бepу жүзеге асыруын;
Полная версия