Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.07.2023
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 маусымдағы N 630 қаулысы       
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн: 
11) тармақшада "2001 жылғы 31 наурызға дейiн" деген сөздер алынып тасталсын; 
1) тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтары алынып тасталсын; 
"ұлттық компанияны" деген сөздер "ұлттық компанияның" деген сөздермен ауыстырылсын, "компанияның" деген сөзден кейiн "қызметi мен оны" деген сөздермен толықтырылсын; 
", жыл сайынғы бизнес жоспарды, ұйымның бюджетiн" деген сөздер алынып тасталсын; 
9) тармақшада "және/немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдары" деген сөздер ", тәуелдi ұйымдары және өзiнiң қатысу үлесiн есепке алу және қатысушылардың қаржылық есеп беруiнде оның ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан, осы қызметтен алынатын активтердi, мiндеттемелердi, кiрiс пен шығысты көрсету үшiн бiрлескен қызметтi жүзеге асыратын ұйымдары (бұдан әрi - бiрлесiп бақыланатын ұйымдар)" деген сөздермен толықтырылсын; 
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
"10) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттiк басқару органы - РМК үшiн) алдында еншiлес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдарды басқару туралы, сондай-ақ еншілес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң негiзгi ұйым қызметiнiң көрсеткiштерiне ықпалы туралы жарты жылдық есептер бepу жүзеге асыруын;"; 
11) тармақшада "жыл сайынғы және орта мерзiмдiк даму жоспарларының" деген сөздер "орта мерзiмдi жоспардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3-1 тармағында "сауда" деген сөз "бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3-1 тармағында "мен бизнес жоспарларының" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшінe енедi.
Полная версия
ИС BestProfi