Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.07.2023
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 сәуір N 452.
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
"Нәлібаев Әбдіхалық Зәкірұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"Нәлібаев Әбдіхалық Зәкірұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, төраға;"; 
"Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Кеңсесі Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімінің 
консультанты;" деген жол алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Есенғараев Асқар Батылханұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және 
коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі 
комитетінің төрағасы.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
        
     
      
      
Полная версия
ИС BestProfi