Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.01.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 14 Қаулысы
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi туралы ереже;
1-1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің өңіраралық жер инспекцияларының тізбесі;
1-2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007 № 1158 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.08.2006. № 730, өзгерту енгізілді ҚР Үкіметінің 30.09.2009 № 1487 Қаулыларымен (02.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007 № 1158 Қаулысымен. (02.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007 № 1158 Қаулысымен. (02.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1) қайта аталған мемлекеттiк мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 14 қаулысымен бекiтiлген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.11.2007 № 1158 Қаулысымен. (02.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін, жер ресурстарын басқару, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын, заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Полная версия